Төрт күннен бері Жайықтан келген үлкен суды бөгет жібермей ұстап тұр
АТЫРАУ. KAAZINFORM — Атырау облысында Жайық өзеніндегі су деңгейінің көтерілуіне байланысты кейбір елді мекендерді су басу қаупі әлі де сақталып отыр.
ТЖМ мәліметінше, өңірде жалпы ұзындығы 520 км-ден асатын бөгет салынған.
Қазгидромет гидрологиялық мониторинг деректерінің 11 мамыр сағат 09:00–дегі мәліметі бойынша:
- Атырау — 533 см, тәулігіне + 5 см.
- Индербор ауданы — 1026 см, тәулігіне +12 см.
- Махамбет ауданы — 939 см, тәулігіне +15 см.
Айта кетейік, Жайық-Индербор және Жайық-Махамбет гидропостында деңгей сыни межеден асып түсті.
Су тасқыны жағдайы ТЖМ құтқарушыларының бақылауында.