Төрт күннің ішінде Алматыдан 50 мың текше метр қар шығарылды
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Төрт күннің ішінде Алматыдан 54 256 текше метр қар шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Қарашаның 16-20 аралығында 53 256 текше метр қар шығарылды. 16-20 қараша аралығында 57 см қар түсті. 20 қарашада денсаулық сақтау, білім және коммуналдық қызмет нысандарынан 9151 жұмысшы тазалық жұмыстарына жұмылдырылды»,-деп хабарлады әкімдік өкілдері.
Осыған дейін Алматының Табиғи ресурстар мен табиғатты пайдалану басқармасының басшысы Елдар Келдібаев жауған қардың әдеттегі нормадан (15-20 см) 3 есеге асып түскенін айтты.
Бүгін қардан тазалау жұмыстарына 4500-ге жуық жұмысшы шықты. Дүйсенбі күні билік өкілдері жолдағы қарды тазалап, қалыпты жол-көлік қозғалысын қамтамасыз ететінін айтқан еді.