Төрт мың шақырымға жуық жол 4 және 6 жолақты қозғалыспен бірінші техникалық санатқа ауыстырылады

«Қазақстанның өңірлерін елордамен сапалы жолдармен қосу идеясы жаңа экономикалық саясат болып табылады және бұл өз кезегінде нарықтарды қалыптастыруға, өңірлік үйлеспеушілікті төмендетуге, сондай-ақ еліміздегі шағын өңірлерді дамытуға ықпал етеді. Мемлекеттік бағдарлама аясында 2020 жылға дейін автокөлік жолдарының 7,5 мың шақырымнан астам желісі салынады және қайта жасалады. Оның ішінде 4 мың шақырымға жуығы 4 және 6 жолақты қозғалыспен бірінші техникалық санатқа ауыстырылады», -деді.
Оның сөзіне қарағанда, осы орайда 200 мың жаңа жұмыс орындары құрылады.
«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 2020 жылға дейін Алматы, Өскемен, Атырау өңірлік хабтарын орталықпен, яғни Астанамен байланыстыру жоспарланып отыр. Осы арқылы Орталық-Оңтүстік, Орталық-Шығыс, Орталық-Батыс бағыттары бойынша жолдар қайта жасалады», - деді ол.