17:45, 23 Қаңтар 2025 | GMT +5
Төрт облыста көлік қозғалысына шектеу қойылды
АСТАНА. KAZINFORM – Еліміздің төрт облысында ауа райына байланысты шектеу қойылды, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол мекемесі.

Акционерлік қоғам баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2025 жылғы 23 қаңтар сағат 16:00-дегі жағдай бойынша күннің бұзылуына байланысты 4 облыстағы (Абай, Жетісу, Қостанай және Ұлытау) 4 автожолда көлік қозғалысына шектеу қойылды.
Қазіргі таңда республикалық автожолдарда күтіп-ұстау жұмысына 956 техника мен 2049 маман жұмылдырылған.
Осыған дейін Қарағанды облысының тас жолында жиырмаға жуық көлік соқтығысып қалғаны туралы жаздық.