Төрт облыс аумағындағы республикалық жолдардың кейбір учаскелерінде көлік қозғалысы шектелді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төрт облыс аумағындағы республикалық жолдың кейбір учаскелері жабылды. Бұл туралы «Қазақавтожол» РМК-ның баспасөз қызметінен хабарланды.
Ақтөбе облысы аумағындағы саршұнақ аязға байланысты жолаушылар және дизель отынымен жүретін көліктер үшін «Самара-Шымкент» жолының 965-1240 шақырымындағы Қарабұтақ-Қызылорда облысы шекарасы аралығы, «Қандыағаш - Ембі - Шалқар - Ырғыз» жолының 92-258 шақырымындағы Ембі-Шалқар учаскесі жабық.
Алматы облысында боран мен жаңбыр аралас қардың түсуіне байланысты мына жолдар жабылды:
-«Сарыөзек-Көктал» жолының 45-95 шақырымы;
-«Үшарал-Достық» жолының 83-165 шақырымы;
-«Алматы-Өскемен» жолының 259-558 шақырымындағы Талдықорған мен Үшарал аралығы;
- «Екатеринбург-Алматы» жолының 2214-2436 шақырымында.
Оңтүстік Қазақстан облысы аумағындағы боран салдарынан көліктің барлық түрлері үшін «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 632-658 шақырымында көлік қозғалысы шектелді.
Қызылорда облысында ауа температурасының төмендеуіне байланысты «Қызылорда-Павлодар» жолының 12-216 шақырымындағы Қызылорда мен Қарағанды облысы аралығында жол жабылды.