18:55, 12 Наурыз 2020 | GMT +5
Төрт облыстағы өзендердің мұзы кетеді
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Күн күрт жылитындықтан Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Ақмола облыстарындағы өзендердің мұзы ериді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«Күндізгі және түнгі ауа температурасының жоғарлауына және жауын-шашын болжануына байланысты 13-16 наурыз аралығында Ақтөбе, Қостанай облысы, 14 – 16 наурыз аралығында Қарағанды, Ақмола облыстарындағы өзендердің бетіндегі мұз кетеді», делінген хабарламада.