Төрт өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде қозғалыс шектелген
АСТАНА. KAZINFORM - «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ мәліметтері бойынша, қолайсыз ауа райы жағдайларына, қатты желге және жолдың нашар көрінуіне байланысты 4 өңірдегі республикалық маңызы бар автожолдардың 11 учаскесінде қозғалыс жабық және шектелген.
Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметінен хабарланды.
Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында көлік құралдарының барлық түрлері үшін жол жабық.
Айта кетейік, ауа райына байланысты ескертулер жасалып, күн бұзылған кезде ҚР ТЖМ келесіні ұсынады:
алыс сапарларға шықпау;
ауыл тұрғындарына жаяу ұзақ жолға шығудан бас тарту;
елді мекендерден тыс жерлерге шықпау;
жол жабылатын жерлерде көлік құралдарын қоймау;
мүмкін болса, елді мекендерде, кемпингтерде немесе жол бойындағы кафелерге тоқтау.
Төтенше жағдай кезінде 112 нөміріне хабарласыңыз!
Осыған дейін Шығыс Қазақстан мен Абай облыстарында көлік қозғалысына шектеу қойылғаны туралы жаздық.