Төрт сотталушы түрмеден қашып кетті

АСТАНА. 28 қазан. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Каддо (Оклахома) округіндегі түрмеде мерзімін өтеп жүрген 4 сотталушы жуынатын бөлмедегі люк арқылы қашып кеткен, деп хабарлады NBC.

Төрт сотталушы түрмеден қашып кетті

Түрмедегілердің қашып кеткендігі жергілікті тұрғындардың сарғылт жұмыс киім киген бірнеше адамдарды көргендерін айтқаннан кейін ғана белгілі болған. Іле-шала арнайы тексеру жұмыстары жүргізіліп, төрт адамның жоқ екендігі анықталған. Алдын ала жүргізілген тергеу мәліметтеріне сәйкес қылмыскерлердің жуынатын бөлменің төбесіндегі люк арқылы шығып кеткендері анықталды. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталуда.