Төрт вице-министр Мәжіліске келеді

АСТАНА. Қаңтардың 9-ы. ҚазАқпарат. Қаңтардың 13-і, сейсенбі күні Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысы өтеді. Онда бірқатар заң жобалары бойынша Қоршаған ортаны қорғау, Индустрия және сауда, Мәдениет және ақпарат пен Ауыл шаруашылығы министрлері орынбасарларының баяндамалары тыңдалады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат.Қоршаған ортаны қорғау вице-министрі Әлжан Бірәлиев пен Индустрия және сауда вице-министрі Еділ Мамытбеков «Біріккен Ұлттар Ұйымының Климаттың өзгеруі туралы негіздемелік конвенциясына Киото хаттамасын ратификациялау туралы» және «Үшінші елдерге қатысты арнайы қорғау, демпингке қарсы және өтемақы шараларын қолдану туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары бойынша баяндама жасайды. Мәдениет және ақпарат вице-министрі Асқар Бөрібаев пен Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев «Мәдениет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне асыл тұқымды мал шаруашылығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары бойынша баяндамақшы. Сонымен бірге комитет отырысында депутат Серік Темірболатов «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне терроризмге қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы», депутат Уәлихан Қалижанов «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің мәдени құндылықтарды ұрлауға қарсы күрестегі және оларды қайтаруды қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» заң жобалары бойынша кесте дайындау және жұмыс тобын құру жөнінде хабарлама жасайды деп күтілуде.
Соңғы жаңалықтар