Төрт жасар бала көлікті айдап әкетті

АСТАНА. 28 қыркүйек. ҚазАқпарат - Швецияда төрт жасар бала анасының көлігін айдап әкетті, деп жазады The Local. Оқиға әйелдің  ұйқтап жатқан кезінде болды.

Төрт жасар бала көлікті айдап әкетті

 Машина кілтін алған бала көшеге шығып, жеңіл көлікке отырып, оны оталдырып, жолға шыққан. Кішкентай бала 500-ге жуық метрдей жүріп, үш жерден бұрылыс жасаған, одан кейін жүк көлігімен соқтығысты.

Шағын жол апаты болған жерге шұғыл жеткен полицейлердің рульде басы ғана қылтиып көрінген бүлдіршінді көргенде таңданбасқа шаралары қалмады. Олар баланы жергілікті тұрғынмен бірге үйіне жіберді. Ал анасы  бәрін баяндап бергенде, оның көлікті айдап әкетіп, тіпті жарты шақырымдай жол жүргеніне сенбеген көрінеді.