00:46, 15 Желтоқсан 2014 | GMT +5
Төрт жасар қыз балалар киімінің топтамасын шығарады (ФОТО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық J. Crew бренді 4 жасар Мейхем Кайзермен бірігіп, балалар киімінің топтамасын шығарады. Кішкентай қыздың ойлап тапқан киім үлгілері 2015 жылдың жаз айларынан бастап шығады, киімдердің бастапқы бағасы 22,5 доллардан тұратын болады, деп жазады шетелдік БАҚ.
Мейхем сәнді көйлек үлгілерін қағаздан жасайды, ал мамандар оның идеяларын пайдаланып көйлектерді матадан тігеді. Дайын киімдер J. Crew брендімен сатылымға шығады. Crewcuts компаниясының басшысы Дженни Купер Мейхемнің жасаған киім үлгілерін көріп таңданысын жасыра алмағанын айтты.
Мейхемнің аты анасы Инстаграммда аккаунт ашып, қызының жасаған киім үлгілерін жариялағаннан бастап танылған.