Төрт жұмысшы күкіртсутек газына уланып қалды - Астана
АСТАНА. Қазанның 8-і. ҚазАқпарат - Елордадағы Училищная көшесінде кәріздік люктің ішінде жұмыс істеу кезінде төрт жұмысшы күкіртсутек газына уланып қалды,
деп хабарлайды Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.
Ведомствоның нақтылауынша, сәрсенбі күні сағат 18.30-дарда құрастыру жұмыстарын жүргізу кезінде «АБМ» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің төрт жұмысшысы уланып қалды. Олардың барлығы ауруханаға жеткізілді.