Төртінші репатриациялық рейс Атырау әуежайынан Катовицеге ұшты

НҰР-CҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төртінші репатриациялық рейс Қазақстан азаматтарын әкелу үшін Атырау қаласындағы әуежайдан Катовицеге Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:02-де ұшты.

Төртінші репатриациялық рейс Атырау әуежайынан Катовицеге ұшты

Бұл туралы ҚазАқпарат Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Әуе кемесі Катовицеге жергілікті уақыт бойынша сағат 16:26-да жетуі тиіс.

Бұған дейін хабарланғандай, «Air Astana» әуе компаниясының үш эвакуациялық ұшағымен Қазақстанға 432 адам оралды. Қазақстандық дипломаттар аталған мемлекеттердің шекарасын кесіп өтуін, азаматтарды жинап, орналастырды, сондай-ақ оларды Қазақстанға жөнелтуді қамтамасыз етіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Украинадан шыққан отандастарымыз Еуропалық одақ аумағында қалмақшы болған. Президент дипломаттарды Украинадан қазақстандықтарды эвакуациялағаны үшін марапаттауды тапсырды.