Төртінші шақырылған Парламенттің үшінші сессиясы ашылды

АСТАНА.  Қыркүйектің 1-і. ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ -    Астанада    Сенат  пен  Мәжілістің бірінші  бірлескен  мәжілісі басталып,  онда    төртінші   шақырылған ҚР Парламентінің   үшінші сессиясының ашылғаны жария етілді.

Төртінші   шақырылған  Парламенттің  үшінші сессиясы ашылды

Мәжіліс  Төрағасы Орал Мұхамеджанов,   бірлескен  мәжілістің күнтәртібіне екі  мәселе:  төртінші  шақырылған  Парламенттің  үшінші сессиясының  ашылуы  және     Парламент  депутаттарының ант қабылдауы   туралы   мәселелер    енгізілгенін   мәлім етті.

Парламент палаталарының бірлескен  отырысына Елбасы Нұрсұлтан   Назарбаев, Премьер-Министр Кәрім Мәсімов,   министрліктер  мен ведомстволардың  басшылары  қатысуда.

Сәлден кейін   ҚР Президентінің  сөйлеген сөзі беріледі.