Төртінші мұнай өңдеу зауытын салуға 10 млрд доллар жұмсалуы мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM — Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев отын тапшылығы мәселесін шешуге қатысты түсінік берді. 

Атырауский НПЗ
Фото: Атырауский НПЗ

— Елде үш мұнай өңдеу зауытын жаңғырту және өңдеу қуатын арттыру аясында 2032 жылға қарай тапшылықты толығымен жабуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, төртінші мұнай өңдеу зауытын салу мәселесін белсенді түрде талқылап жатырмыз, — деді Қайырхан Тұтқышбаев Үкімет отырысынан кейінгі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, жаңа зауыт шамамен жылына 10 млн тонна мұнайды өңдейді.

— Оның орналасатын жері мен техникалық сипаттамалары кейінірек жарияланады. Бастапқыда ол зауыт шамамен 10 млн тонна мұнай өңдейді. Алдын ала құны 10 млрд долларға бағаланып отыр. Жаңғырту және қуатты арттыру, сондай-ақ жаңа зауытты салу арқылы әуе көлігі отыны мен дизель отынының тапшылығын толығымен жабамыз. Сонымен қатар, басқа елдерге экспорттай аламыз, — деді вице-министр.

Бұған дейін төртінші мұнай өңдеу зауыты Ұлытау облысында салынуы мүмкін екені айтылған

Соңғы жаңалықтар
Референдум