Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Toshiba басшысы отставкаға кетті

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапонияның трансұлттық Toshiba корпорациясы директорлар кеңесінің төрағасы отставкаға кетті, деп хабарлайды 24.kz.

Toshiba басшысы отставкаға кетті

Бұл оқиғаға қаржы дағдарысы себеп. Өйткені 31 наурызда аяқталатын жыл қорытындысы бойынша, корпорация шамамен 3,5 миллиард доллар шығынға батқан.

Toshiba басшысының мәлімдемесінен кейін оның Токио қор биржасындағы акциялары шамамен 8 пайызға арзандады.

Айта кеткен жөн, былтырғы жыл қорытындысы бойынша, корпорация 6 миллиард доллар шығынға батқан болатын.