Total басшысы қаза тапқан іс бойынша айып тағылды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Внуково әуежайында тағылымдамадан өтіп жүрген диспетчер Светлана Кривсун әуе апаты туралы істе айыпты деп танылды, қайғылы оқиға салдарынан Total мұнай концернінің басшысы Кристоф де Маржери мен Falcon ұшағы экипажының үш мүшесі қаза тапқан болатын, деп хабарлады Би-Би-Си.
21 қазанда түнде Total басшысының бизнес-джеті қонбақшы болған сәтте ұшу-қону жолағында тұрған қар жинайтын көлікке соқтығысқан.
Кривсунға «абайсызда екі немесе одан көп адамның өліміне әкелген әуе көлігі қозғалысы мен оны пайдалану қағидасын бұзғаны» үшін айып тағылуда.
Бұл бап 7 жыл бас бостандығынан айыруды көздейді. С. Кривсун қазір үйқамақта отыр.
«Қылмыстық істі тергеу жалғасуда», - деп мәлімдеді РТК ресми өкілі Владимир Маркин.
Қазіргі уақытта апатқа қатысты істе бас адам тергелуде: Светлана Кривсуннан басқа әуежайдың аэродром қызметінің жетекшісі Владимир Леденев, ұшырылым басшысы Владимир Леденев, диспетчер Александр Круглов, қар жинайтын машина жүргізушісі Владимир Мартыненко (іс бойынша алғашқы тұтқындалған).
24 қазанда Басман соты 21 желтоқсанға дейін Круглов мен Леденев, Дунаев және Кривсунды тұтқындап, сол мерзімге дейін үйқамақа жіберді.
Тергеуде апат орын алған күні Лебенов қар жинау жұмыстарын, Дунаев, Кривсун және Круглов әуе қозғалысын басқарғаны айтылады.
Олардың барлығы қайғылы жағдайға әкелген ұшу және жерге қону қауіпсіздігі талаптарын сақтауды қамтамасыз етпегені үшін күдіктелуде.