Total басшысы мұнай бағасы барреліне 100 долларға дейін көтерілсе, үлкен «қателік» болатынын атады

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат - Мұнай бағасының барреліне 100 долларға дейін көтерілуі қателік болған болар еді.

Total басшысы мұнай бағасы барреліне 100 долларға дейін көтерілсе, үлкен  «қателік» болатынын атады

Total француз мұнай компаниясының бас директоры Кристоф де Маржери (Christophe de Margerie) Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда осындай пікір білдірді. Оның сөйлеген сөзін Agence France-Presse агенттігі беріп отыр.

Француз мұнай алыбының топ-менеджері мұнай бағасының барреліне жүз доллар шамасына таялуына қатты алаңдаушылық білдіреді.

2010 жылдың соңында мұнай бағасы барреліне шындығында да 90-95 долларға дейінгі белгіге көтерілді. Бірақ ол әлі барреліне жүз долларға жете қойған жоқ. Сонымен қатар еуропалық мұнай бағасы Америка мұнайына қарағанда анағұрлым қымбат бағаланады.