Төтенше жағдай мамандары әскерилер сияқты баспана жеңілдігін алуы керек – Юрий Ильин

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин сала мамандары әскерилер сияқты баспана жеңілдігін алуы керек деген пайым айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
«Мемлекет басшысы шешім қабылдады. Үкімет 2023 жылға қарай Қорғаныс, Төтенше жағдайлар, Ішкі істер министрліктеріндегі штат бойныша лауазым жалақыларын теңестіруге жұмыс істеп жатыр. Үш жылда бір рет, кезең-кезеңмен күш құрылымдары қыземткерлерінің айлығын көтеріп отырамыз. Сонң арқасныда бөлімшелер арасында теңсіздік болмауы керек»,- деді ведомство басшысы ҚР Президент телерадиокешенінің «Үш сұрақ» бағдарламасында.

Сондай-ақ министр төтенше жағдай саласының өкілдері де баспана мәселесінде әскерилер сияқты жеңілдікке ие болуға лайық деген пайымын айтты.

«Менің алдыма қойып отырған негізгі мақсатым – біздің қызметкерлер де баспана жалдау жеңілдігін алуы керек. Өз баспанасы жоқ жігіттер көп. Олар жеңілдікпен баспана алуға болатын бағдарламаларға қатыса алмайды. Қазір заңнамаға өзгерістер әзірлеп жатырмыз. Келесі жылы оны Парламентке енгіземіз. Норма заңдық күшіне енгенде біздің қызметкерлер де Қорғаныс министрлігінің әскери қызметкерлері сияқты құқықтар ие болады. Біздің қызметкерлер әскери кезекке түсетіндіктен, іс жүзінде олар да әскери жұмыс істейді деп есептеймін. Ондай жұмыс түрлі жарақаттарға, қайғылы жайттарға алып келуі мүмкін. Былтыр Қорғаныс министрлігінің Жамбыл облысындағы әскери қоймаларында 10 қызметкерден айырылдық. Қауіп-қатер бар, ол қатер ескерілуі керек», - деді Юрий Ильин

Айта кетейік, биыл Байзақтағы жарылыстан қаза тапқан өрт сөндірушілерге ескерткіш қойылған болатын.


Соңғы жаңалықтар