«Төтенше жағдай режимі 24 қаңтарға дейін ұзартылды» - ақпарат жалған
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Telegram мессенджерінде пайдаланушылар елдегі төтенше жағдай режимі 24 қаңтарға дейін ұзартылды деп жазуда. Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.
Бүгінгі таңда төтенше жағдай режимін ұзарту туралы ресми ақпарат болған жоқ.
«Қазақстан бойынша ТЖ режимі 2022 жылғы 19 қаңтарға дейін енгізілді», – деп мәлім етті Қазақстан Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі.