Төтенше жағдайдан сақтану қағидалары - ҚР ТЖМ
АСТАНА. 6 желтоқсан. ҚазАқпарат - Өткен жылдың қысқы кезеңі қабылданып жатқан шараларға қарамастан, азаматтар өздерінің ғана емес туған-туыстарының да өмірін қатерге тігіп жолдар жабық болған кезде айналып өтетін жолдарды тауып қиын жағдайларға тап болатынын, төтенше жағдайлардың туындайтынын талдау көрсетті, деп хабарлайды ҚР ТЖМ.
Көп жағдайларда, егер қарапайым абайсыздық шараларын сақтаған болса, оларды болдырмауға болар еді.
Дауылдың алдын алу туралы хабарлама арқылы қозғалысқа шектеу қойып, үйге азық-түлік, су мен отын қорын толтырып алу қажет. Қар борасыны адам тұратын жерден алыс жолда қалған адамдарға қауіп тудырады. Әдетте қар басып қалған жолдар, көрінудің нашарлауы жергілікті жерде бағдардың болмауына әкеп соқтырады.
Боранды күні қар астында қалып қою қаупі бар. Ондай кезде жылы киім-кешектеріңізді киіп, арқаңызды желге қарай беріп отырыңыз да, полиэтилен жамылыңыз, сосын сіз біреуді, ал біреулер сізді көруі және ауа кіруі үшін басқан қардан жол көрінетіндей тесік жасаған абзал, сөйтіп жиналған қардың арасынан кез келген уақытта шығуға мүмкіндік жасау керек.
Қалың қардан жасалған панаға отырғанға дейін жақын жердегі елді мекенге баруға бағдар іздеу және олардың орналасуын есте сақтау қажет. Қолда бар материалдардан жолақша жасап, қардан жасалған пананың ішіне бағдар жасау керек. Ақборан жергілікті жердің сыртқы бейнесін өзгертіп жіберуі мүмкін екенін естен шығармаңыз, егер өзіңіздің алдағы бағдарыңызды жасап алмасаңыз, кейін жолды табу қиынға соғады.
Ақборанның басылуын аяқпен тік тұрып күтуге болмайды. Ерте ме, кеш пе бағдардан айырылып қалу, шаршау, демалуға отыру және тоңу қаупі бар.
Егер дауыл кезінде сіз көшеде қалсаңыз, сізге дереу қандай да болмасын берік үй-жайға тығылу қажет. Қирауға жақын тұрған үй-жайға кірмеңіз. Қандай жағдай болмасын, жарнама қалқандарының артына, автобус аялдамасына, ағаш түбіне, үй қабырғалары жанына тығылмаңыз, себебі шифрлер құлауы мүмкін. Электр беру желілерінің астына тұрмаңыз.
Автомобильдегі тергеу кезінде борасыннан құтылудың амалын жасамаңыз, тоқтап, автомобильді ыққа қарай орналастыру керек. Ара-арасында машинадан шығып тұру қажет, қардың астында қалмау үшін оны тазалау керек. Қар астында қалмаған автомобиль құтқарушылар үшін жақсы бағдар. Сондай-ақ газ шығатын трубаның қар астында қалмауына ерекше көңіл бөлу қажет, ол үшін оқтын-оқтын автомобиль қозғалтқышын іске қосып отыру керек.
Егер жолда бірнеше адам қалса (бірнеше автомобильде) барлықтарына бір автомобильде жиналып отырып, паналау орны ретінде бір көлікті пайдаланған жөн.