Төтенше жағдайлар қауіп-қатерін азайту мәселесі талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 тамызда Төтенше жағдайлар және зілзалалар қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталықтың директоры Валерий Петров БҰҰ ДБ Еуропа және ТМД үшін Өңірлік бюросы өңірлік орталығының Ыстамбұл кеңсесінің өкілдері - төтенше жағдайлар және климаттың өзгеруі жөніндегі кластер басшысы Армен Григорянмен және ерте алдын алу мен ден қою және климаттың өзгеруі жүйесінде қалпына келтіру бағдарламалары жөніндегі маман Станислав Киммен жұмыс кездесу - бейнеконференция өткізді.

Төтенше жағдайлар қауіп-қатерін азайту мәселесі талқыланды

ҚР ІІМ ТЖ комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, кездесуде Орталықтың БҰҰ ДБ Еуропа және ТМД үшін Өңірлік бюросымен ынтымақтастығы және тығыз өзара іс-қимылын кеңейту мәселелері талқыланды.

Кездесу барысында Алматы қаласындағы Орталықта емлекеттік құрылымдарды, халықаралық және үкіметтік емес ұйымдарды, ғылыми мекемелер және Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ елдерінің азаматтық қоғамын шақырып, екі тренингті бірлесіп өткізу туралы уағдаластыққа қол жеткізді.

Сондай-ақ тараптар Орталықтың және БҰҰДБ Еуропа және ТМД үшін Өңірлік бюро Өңірлік Орталығының өңірлік деңгейде зілзалалар тәуекелін азайту мәселелері бойынша бірлескен жобалық ұсынысына бастамашылық жасау және оны дайындау туралы уағдаластыққа келді.

Валерий Петров БҰҰ ДБ Еуропа және ТМД үшін Өңірлік бюро Өңірлік Орталығының өкілдеріне көрсеткен қолдаулары үшін және қол жеткізген уағдаластықтары бұдан әрі табысты ынтымақтастықтарына жаңа серпін береді деген сенімдері үшін ризашылық білдірді.

Еске сала кетсек, Төтенше жағдайлар және зілзалалар қауіп-қатерін азайту жөніндегі орталық Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың тапсырмасы бойынша құрылған.

Орталықтың негізгі мендеттері - мемлекеттердегі төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою ұлттық жүйелерін дамыту және жетілдіру, өңірлік күштер мен құралдарды келісіп басқару, табиғи және техногендік ғаламдық, сондай-ақ траншекаралық апаттар бойынша халықаралық мониторингтік жүйелерге қатысу болып табылады.