Төтенше жағдайлар комитеті көшкін жөніндегі бейнежазбаны жоққа шығарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті ҚР-да көшкін түскені жайлы бейнеақпаратты жоққа шығарды.
None
None

«2015 жылы 29 желтоқсанда кейбір республикалық БАҚ-тарда Қарағанды және ШҚО-дағы көшкін туралы бейнеақпарат пайда болды. Онда таудан қалың қар көліктер мен адамдарға түскені бейнеленген. ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитеті бұл бейнежазбаның Қазақстанға қатысы жоқ екенін хабарлады», - деп хабарлады ҚР ІІМ төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Оның ақпаратынша, бүгінде 2015-2016 жж. қысқы кезеңнің басынан республикада көшкін салдарынан адамдардың жапа шегуі тіркелмеді.

Төтенше жағдайлар комитеті жалған бейнежазба таратқаны үшін жауапкершілікке тарту қарастырылғанын еске салды.

Соңғы жаңалықтар