Төтенше жағдайлар қызметін баяндайтын көрме ұйымдастырылды

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің Үйінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметін баяндайтын көрме ұйымдастырылды.

Төтенше жағдайлар қызметін баяндайтын көрме ұйымдастырылды

«Қазақстан Республикасында азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралары туралы» деген тақырып бойынша өткен Үкімет сағатының алдында Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Мәжіліс депутаттарына көрмені таныстырды. Министр өзі басқаратын саланың бүгінгі жетістігі, адамдарды апатты жағдай кезінде құтқару шараларының жедел атқарылуы жөнінде әңгімелеп берді.

Көрмеде төтенше жағдайлар саласында еңбек ететін мамандарды даярлау ісі, құтқару-инженерлік орталығының қызметі және басқа да министрліктің жұмысы сала-сала бойынша жеке-жеке фотосуреттер арқылы жария етілген.

Орын алған апаттар кезінде тікұшақпен құтқару тәсілдері көрсетілген. Суға кеткендерді құтқару, қызметкерлердің өртпен күресу сәттері бейнеленген.