Төтенше жағдайлар қызметін жарақтандыруға 45 млрд теңге қажет – Юрий Ильин

АСТАНА. ҚазАқпарат – ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин саланың бөлімшелерін техниклық жарақтандыруға 45 млрд теңге сұрап отырғанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

«Техника, тікұшақ өндіру бір аптаның, бір айдың шаруасы емес. Біз бөлімшелерімізді жарақтандыру бөлетін қаражатты кезең-кезеңмен арттыруға өтінім бердік. Үш, әрі кетсе, бес жылдың ішінде біз бүкіл төтенше жағдайларға жедел әрекет етуге мүмкіндік беретін көрсеткіштерге жетеміз. Техникалық жарақтандыруға ғана 45 млрд теңгеден астам қаражат қажет, біз оны сұраттық»,-деді ол Үкімет отырсынан кейін БАҚ өкілдерінің сұрағына берген жауабында.

Сондай-ақ,ол Қостанай облысындағы өртке жауаптылардың кінәсі әр органның міндетіне орай қаралып жатқанын түсіндірді.

«Қостанай облысындағы өрт туралы айтсақ, бұл жерде жауапкершілік дәрежесін анықтау керек. Төтенше жағдайлар министрлігі орман өртіне бірінші кезекте әрекет етуге бағытталмаған. Ол үшін Орман шаруашылығы комитеті мен жергілікті атқарушы органдар бар. Бірақ ТЖМ барлық жерде төтенше жағдайды жоюға көмектеседі», - деді Юрий Ильин.


Соңғы жаңалықтар