Төтенше жағдайлар мамандарының жемқорлыққа қарсы тұрақтылығы «жалғандық детекторы» арқылы тексеріледі
АСТАНА. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар мамандарының жемқорлыққа қарсы тұрақтылығы «жалғандық детектрі» арқылы тексеріледі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте аталған ведомствоның басшысы Владимир Божко мәлім етті.
Оның атап өтуінше, бүгінде министрлік жемқорлықпен күреске бағытталған барлық шараларды қолға алуда. Бұл мақсатқа орай, ведомствоның қызметкерлерінің жемқорлыққа қарсы тұрақтылығы тексеріледі.
«Қазір Бас прокуратурада бұл мәселе қаралуда. Олар біздерге «жалғандық детекторын» пайдалану нұсқаулығын әзірлеуде. Біз қазіргі уақытта екі жиынтығын сатып алдық», - деді ол.
В.Божконың атап өтуінше, прокуратурадан нұсқаулық келгеннен кейін аталған аппараттар министрлік қызметтерін тексеру үшін пайдаланылатын болады.