Төтенше жағдайлар мен Қоршаған ортаны қорғау ведомстволарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері қаралды

АСТАНА. Қыркүйектің 28-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Бүгін Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы-Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаевтың төрағалығымен ҚР Президенті жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті.
None
None

Атап айтқанда, мәжіліс барысында Төтенше жағдайлар мен Қоршаған ортаны қорғау ведомстволары қызметінде жемқорлықтың алдын алу, сондай-ақ Қызылорда және Атырау облыстары әкімдіктерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын іске асыру бойынша іс-қимылдары сөз болды.

Атқарылған жұмыс нәтижелері жөнінде Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов және Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко баяндап берді.

Таратылған мәліметтерге қарағанда, отырыс қорытындысы бойынша комиссия тиісті мемлекеттік органдарға өз қатарларында жемқорлықты болдырмай, кадрлармен тиісті және ашық жұмыс істеу, мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын мүлтіксіз сақтау мен оның сапасын көтеру, сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің 2006-2010 жылдарға арналған мемлекеттік және өңірлік бағдарламаларын орындау тапсырылды. Мұнымен қоса Елбасының жемқорлықпен күресті күшейту жөніндегі тапсырмасын іске асыру бойынша шараларды атқару тұрғысында ұсынымдар жасалды.

Соңғы жаңалықтар