Төтенше жағдайлар министрі: Қауіпсіздік сақтамаған шахталарды жабуымыз мүмкін

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов еңбек қауіпсіздігін сақтамаған шахталар министрліктің ескертулеріне құлақ аспаса, жауып тастайтындарын мәлім етті.

Чнгис Аринов Шыңғыс Әрінов
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

- Шахтада болатын төтенше жағдайлардың негізгі себебі – жабдықтың тозуы. Бұрын жабдықты тексеруге мүмкіндік болған жоқ. Тексеру жоспарларын бекіте алмайтынбыз. Қазіргі таңда біздің қызметкерлер регламенттің бәрін тексеріп, қадағалайтын болады. Ал талаптарды орындамаған кезде кәсіпорынды жауып тастауға дейінгі бүкіл мүмкіндік бар. Бірінші талап – жабдықтардың сәйкес болуы. Одан кейін техниканың, мамандардың сәйкес болуы. Соның бәрінде тексеру өткізіп, өнеркәсіп қауіпсіздігінің қызметкерлері ұйғарым, - деді.

Министр әзірге заңнаманың ол тетігі ешбір шахтаға қолданылмағанын айтты.

- Біз кәсіпорындардың жұмысын тоқтатпау үшін барлық жағдайды жасаймыз. Жұмыс тоқтаған кезде қандай шығындар болуы мүмкін екенін, оның әлеуметтік жағымсыз әсері болуы мүмкін, - деді Шыңғыс Әрінов.

Қазақстан шахталарының қауіпсіздігін робот ит тексеруі мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар