Төтенше жағдайлар министрі 5-9-шы сынып оқушыларымен өтетін интерактивті сабаққа қатысады
АСТАНА. Қарашаның 20-сы. ҚазАқпарат - Бүгін, қарашаның 20-сы күні сағат 11.00-де Білім және ғылым министрлігінің интерактивті кабинетінде Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божконың қатысуымен республика мектептерінің 5-9-шы сынып оқушыларына арналған интерактивті сабақ өтеді.
«Өрт себебі - балалардың отпен ойнауы» деген тақырыпты арқау еткен сабақта Өртке қарсы қызмет комитетінің басқарма өкілдері баяндама жасайды. Сондай-ақ негізгі тақырыпқа арналған бейнероликтер көрсетіледі. Сабаққа қатысушылар мамандарға сауалдар қоя алады, деп хабарлады төтенше жағдайлар ведомствосының баспасөз қызметінен.