Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко Елбасының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында Қарағанды облысына сапар жасады

ҚАРАҒАНДЫ. Сәуірді 24-і. ҚазАқпарат /Валентина Елизарова/ - Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко республикалық ақпараттық-насихаттау тобының жетекшісі ретінде Қарағанды облысына сапар жасады.

Төтенше жағдайлар министрі   Владимир Божко  Елбасының       Қазақстан  халқына Жолдауын түсіндіру  мақсатында    Қарағанды   облысына  сапар жасады
Министрдің жұмыс сапарының басты мақсаты - Елбасының биылғы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру. Теміртау қаласында жұртшылық өкілдерімен болған кездесуде министр: «Кез-келген дағдарыс мемлекет үшін де, оның экономикасы мен адамдары үшін үлкен сын болып табылады. Ел өнеркәсібінің алды болып келген Теміртаудың экономикалық дағдарысқа қарамастан, осынау беделін жоғалтпағаны қуантады. Мемлекеттің қолдауы мен дағдарысқа қарсы кешенді бағдарламасының арқасында Қазақстан бұл дағдарысты аман-есен еңсереді», - деді. В.Божко сапар барысында сондай-ақ «Арселор Миттал Теміртау» АҚ-ның металлургиялық комбинатында болды. Министрдің аймаққа сапары Қарағанды және Жезқазған қалаларында жалғасты.