Төтенше жағдайлар министрлігі алыс жолға шықпауға кеңес беруде: көптеген аймақтарда жолдар жабылды

АСТАНА. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана – Қарағанды және Астана – Павлодар бағытындағы жолдар жабылды.
None
None
Жамбыл облысында кешеден бері Тараз-Қаратау-Жаңатас бағытындағы жол жабылып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Жамбыл облысында жайсыз ауа райының салдарынан жабылып қалған Алматы ? Ташкент бағытындағы жолмен қозғалыс қаңтардың 15-інде сағат 06.00-дағы жағдай бойынша қайта жанданды.Бүгін таңертеңгі жағдай бойынша Қаратау-Жаңатас, Ақкөл-Саудакент, Б.Момышұлы ? Қошқар-ата бағытындағы жолдар жабық. Павлодар ? Астана және Павлодар ? Қарағанды бағытындағы жолдарда да жағдай осындай. Ақмола облысында таңғы сағат 07.30-дан бастап Есіл ? Қостанай тас жолындағы қозғалыс қайта жанданды. Естеріңізге сала кетейік, бұл жол қаңтардың 14-і күні сағат 23.50-ден бері жабық болды.Төтенше жағдайлар министрлігі боранды ауа райына және күннің суытуына байланысты, аталған облыстардың тұрғындарына абай болуды ескертуде. Ведомство сондай-ақ, тұрғындарға алыс жолға шықпауға, туған-туыстары мен жақындарының, әсіресе балалардың жүрген жерлерін бақылауға алуға кеңес беріп отыр.
Соңғы жаңалықтар