Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс туралы заң жобасын әзірледі

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ -Төтенше жағдайлар министрлігі еліміздің Азаматтық қорғанысы туралы заң жобасын әзірледі. Құжат келісі жылы Парламентке енгізіледі. Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісіндегі Үкімет бұл туралы Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко айтты.

Төтенше жағдайлар министрлігі Азаматтық қорғаныс туралы заң жобасын әзірледі

«Аталған заң жобасы Азаматтық қорғаныс, өнеркәсіптік қауіпсіздік пен өрт қауіпсіздігі, мемлекеттік материалдық резервтер мен апаттық-құтқару қызметтері жүйлері саласындағы барлық заңнамалық талаптарды біріктіруге және ретке келтіруге бағытталады», - деді В. Божко.

Сонымен қатар, министр алдағы уақытта Азаматтық қорғаныс жүйесі мен оны дамыту перспективасына ерекше назар аударылатынын да жеткізді. Мәселен, Азаматтық қорғанысты ұйымдастыру және жүргізу - мемлекеттің маңызды функцияларының бірі екендігі ескеріле отырып, орталық, жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларының осы саладағы жұмысты ұйымдастыруына тікелей әрі жеке жауапкершілігі белгіленген.

«Сонымен қатар, министрлік еліміздің Азаматтық қорғанысының жаңа жоспарын Үкіметке ұсынды, қазір келісу рәсімдері жүргізіліп жатыр. Бұдан бөлек, «Ықтимал жер сілкінісі аймақтарында құтқару және өзге де кезек күттірмейтін жұмыстарды ұйымдастыру мен өткізу туралы» Үкімет қаулысының жорбасын әзірлеп жатырмыз», - деді В. Божко.