Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелеріне қосымша қаражат бөлу тапсырмасы өңірлерге жүктелді

АСТАНА. ҚазАқпарат – Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелеріне қосымша қаражат бөлу туралы тапсырма өңірлерге жүктелді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Төтенше жағдайлар министрлігі бөлімшелеріне қосымша қаражат бөлу тапсырмасы өңірлерге жүктелді

«Бұл саладағы есеп-қисапты тағы бір қарап шығу керек. Төтенше жағдайлар министрлігі осы сала қызметкерлерінің жалақысын көтеру бюджетке қосымша қандай жүктеме түсіретіні туралы есептеулерді әзірге ұсынбады», - деді Е. Жамаубаев Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сауалына жауап бере отырып.

Оның айтуынша, төтенше жағдайлар мәселесіне қатысты Үкімет басшысы тиісті тапсырма берген.

«Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр жергілікті атқарушы органдарға қажет болған жағдайда қосымша қаражат бөлуді тапсырды. Бұл тұрғыда бөлінетін қаражат сомасы туралы нақты айта алмаймын. Себебі өңірлерде қарастыралатын қаражат біркелкі сомада болады», - министр.