10:22, 02 Маусым 2009 | GMT +5
Төтенше жағдайлар министрлігі Интернет-конференциясын өткізеді
АСТАНА. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі бүгін маусымның 2-сі күні ҚР Үкіметнің www.e.gov.kz порталында «Қазақстан азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуде Төтенше жағдайлар министрлігінің тапсырмалары туралы» тақырыбындағы Интернет-конференциясын өткізеді.
Интернет-конференция қолданушылардың сұрақтарын қабылдауға сағат 09-00 дан 16-00-ге дейін ашық, жауаптары бүгін жарияланады.Сұрақтарға Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі Божко Владимир Карпович жауап береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.