Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше әрекет ету жүйесін жетілдіру тақырыбында интернет-конференция өткізеді
АСТАНА. Қарашаның 17-сі. ҚазАқпарат - Сәрсенбі, қарашаның 18-інде Төтенше жағдайлар министрлігі Үкімет порталында - «www.e.gov.kz» - төтенше әрекет ету жүйесін жетілдіру мәселесіне арналған интернет-конференциясын өткізеді, деп хабарлайды ведомствосының баспасөз қызметінен.
Оқырмандардың сауалдары сағат 09.00 бен 18.00-дің аралығында қабылданып, ал жауаптары сол күні сайтқа жайғастырылады, деп нақтылады баспасөз қызметінен.
Сауалдарға Төтенше жағдайлар жөніндегі министр Владимир Божко жауап береді.