Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімдері күшейтілген жұмыс режіміне ауысты

АСТАНА. 26 қаңтар. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күні Мәскеудің Домодедово әуежайында болған оқиғаларға байланысты,

Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімдері күшейтілген   жұмыс режіміне ауысты

сондай-ақ Қазақстанда өтетін 7-Қысқы Азиялық ойындары кезінде азаматтардың қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық бөлімдері 25 қаңтардан бастап күшейтілген жұмыс режіміне ауысты, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметінен.

Азиада -2011 ойындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге Астана, Алматы қалалары мен Алматы, Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының төтенше жағдайлар департаменттерінің жеке құрамының 1 103 адамы мен 211 техникасы жұмылдырып отыр.