Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағы Каирден қазақстандықтардың екінші тобын алып шықты
АСТАНА. 2 ақпан. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар министрлігінің Ту-154М ұшағы бүгін, 2 ақпан күні 17 сағат 53-те Каирден Алматыға ұшып шықты.
Ұшақ бортында бұл жолы 88 Қазақстан азаматы бар, олардың 10-ы - балалар. Бортта сондай-ақ, Төтенше жағдайлар министрлігінің құтқарушылары мен Апат медицинасы орталығының мамандары да бар.
Естеріңізге сала кетейік, Төтенше жағдайлар министрлігінің ұшағы кеше Каирден арнайы рейспен 131 адамды алып шыққан болатын.