Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері қалың қарға омбылаған 7 көлікті құтқарды

АСТАНА. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат - Төтенше жағдайлар саласының өкілдері кеше, қаңтардың 25-і күні Алматы облысының Алакөл ауданындағы «Үшарал-Достық» тас жолының бойында жүре алмай,

Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері қалың қарға омбылаған 7 көлікті құтқарды

далада қалған 7 автокөлікті қалың қардан алып шықты. Бұл туралы ҚазАқпарат Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз мәліметтеріне сілтеме жасап хабарлайды.

Аталмыш оқиғаның орын алғандығы жөніндегі хабар төтенше жағдайлар қызметіне 13 сағат 50 минут шамасында келіп түскен. Іздестіру шараларының барысында төтенше жағдайлар министрлігінің өкілдері «Үшарал-Достық» тас жолының бойындағы Жайпақ және Ынталы ауылдарының арасынан 7 автокөлікті тауып, оларды қардан тазартылған аймаққа сүйреп шығарған. Құтқару шараларына төтенше жағдайлар саласының 4 қызметкері мен 1 техника қатысып, 22 адам эвакуацияланған. Құтқарылғандардың ішінде үсік шалғандары жоқ, бәрі дін аман.