Төтенше жағдайлар саласының материалдық-техникалық қамтамасыз етілу жағдайы мүшкіл - В. Божко

АСТАНА. Сәуірдің 9-ы. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - Төтенше жағдайлар саласының материалдық-техникалық қамтамасыз етілу жағдайы мүшкіл.
None
None

Бүгін ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өрт қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылау барысында Төтенше жағдайлар министрі Владимир Божко осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бүгінгі күні республикамыздағы қызмет ететін өртке қарсы бөлімшелерді тиісті жарақтандыру бойынша 1 мың 300-ге тарта арнайы машина жетіспейді. Бұдан бөлек тиісті норма бойынша барлық өрт сөндірушілерге тиесілі өрт сөндірушінің арнайы киімі де жетіспейді, қаржыландыру мүлдем қанағаттанарлықсыз. Сонымен бірге, соңғы жылдары арнайы техникаларды алуға да қаражат бөлінбей отыр. Мамандарды даярлайтын Көкшетау техникалық институтының әлеуеті де әлсіз, бұл институтты академия мәртебесіне көтеру туралы бұрыннан мәселе көтеріліп келеді. Бір сөзбен айтқанда, Төтенше жағдайлар министрлігінде материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қатысты проблемалар шаш етектен», - деді В. Божко.

Сонымен бірге, биік ғимараттар мен нысандар бойынша өрт қауіпсіздігіне тоқталған министр, соңғы жылдары бұндай шараларға қажетті ешқандай да жаңа техника сатып алынбағанын алға тартты. Осыған орай, В. Божко алдағы уақытта депутаттар бюджетті талқылағанда, бұл мәселені қаперде ұстауын өтінді.

Соңғы жаңалықтар