Төтенше жағдайлар вице-министрі ақмолалық құтқарушылардың тұрмыстық жағдайымен танысты

АСТАНА. KAZINFORM – Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев жұмыс сапарымен Ақмола облысына барды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

Кеген Тұрсынбаев
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Сапар аясында ол Бурабай мен Бұланды аудандарындағы өрт сөндіру бөлімдеріне барып, құтқарушылардың жұмысымен және тұрмыстық жағдайларымен танысты.

Кеген Тұрсынбаев Ақмола облысы ТЖД аумақтық бөлімшелерін материалдық-техникалық қамтамасыз етуге ерекше назар аударды. Тексеру қорытындысы бойынша ол бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Кеген Тұрсынбаев
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

М.Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына да барып, оқу орнының жаңа басшысын таныстырды. Полковник Жұмабек Хасенов тәрбие және идеологиялық жұмысты ұйымдастыруда үлкен тәжірибеге ие, қорғаныс министрлігінде түрлі басшылық қызметтер атқарды.

Сонымен қатар сапар аясында вице-министр ТЖ департаментінің қызметкерлерімен кездесті. Әңгімелесу барысында өңірлік ТЖ департаменттері арасындағы өзара іс-қимыл, академия курсанттарының алдын алу сияқты іс-шараларда қолдануға болатын әлеуеті сияқты мәселелер көтерілді.

Сондай-ақ вице-министр қызметтік-әскери тәртіпті бақылауды күшейтуге ерекше назар аударды.

Бұған дейін ҚР Төтенше жағдайлар вице-министрі Кеген Тұрсынбаев Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапарымен барғаны белгілі болды.