Төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды

АСТАНА. KAZINFORM — Батырбек Әбдішев ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

АБДЫШЕВ Батырбек Кадырбекович
Фото: Gov.kz

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Батырбек Әбдішев Қазақстан Республикасының төтенше жағдайлар вице-министрі қызметінен босатылды. 

Өмірбаяны

20 жылдан астам уақыт арнайы мемлекеттік органдарда қызмет атқарған. Оның ішінде Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет еткен.

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі (2024 бастап)

Білімі

ҚР Қарулы Күштерiнiң Жоғарғы шекара-командалық училищесiн бітірген