Той серуенін тікұшақпен жасап, елді дүрліктірген жас жұбайлардың кім екендігі белгілі болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Той серуенін тікұшақпен жасап, елді дүрліктірген жас жұбайлардың кім екендігі белгілі болды. Оны «Жігіттер» тобының әншісі Бағлан Әбдірайымов Инстаграмдағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Кезінде мен үйленгенде суретке түсіріп қызмет жасап еді. Бүгін міне менің де қызметім өтті. Бүгінгі интернеттің "гүлі" болған осы жастар. Ол - бай емес, ол - байдың баласы емес, ол - қарапайым суретке түсіретін, идеясы мықты жігіт! Вертолётпен "гулянка" жасап жүрген осы ғой! Алла бақтарыңды ашсын, Айтуған!», - деп жазды Бағлан Әбдірайымов.

Бұған дейін хабарлағанымыздай , Оңтүстік Қазақстан облысында той кортежімен бірге ұшқан тікұшақты жергілікті патрульдік полиция іздестіріп жатыр.

Соңғы жаңалықтар