Тойға барған Қайрат Нұртасқа қатысты тексеру жүргізілуде

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласындағы тойға барған танымал әнші Қайрат Нұртасқа қатысты тексеру жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Қанат Тұрдиев онлайн форматта өткен баспасөз мәслихатында Семей қаласындағы тойға қатысты тексеру жұмыстарының жүргізіліп жатқандығын айтты.

«Осыдан бірнеше күн бұрын әлеуметтік желілерде Семейдегі мейрамханалардың бірінде өткен тойда болған эстрада жұлдызы Қайрат Нұртас пен қонақтардың видеолары жарияланған болатын. Қазіргі уақытта санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды бұзған мейрамхана иесіне қатысты тиісті материалдар дайындалды», - деді ол.

Аталған факті бойынша Семей қаласының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің мамандары тексеру жүргізуде. Ал Қайрат Нұртасқа қатысты шектеу шараларын бұзу туралы материалдар оның тұрғылықты мекен-жайы бойынша СЭБ басқармасына жолданған.


Соңғы жаңалықтар