Тойға барған қонақтар астан уланып қалды - Қызылорда облысы
ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Жаңақорған аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасы және аудандық аурухананың жұқпалы аурулар бөлімі бір топ адамның астан уланғанғаны туралы оқиғаны тіркеді.
Жаңақорған аудандық әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, оқиға 2 сәуір күні сағат кешке «Айсұлу-1» мейрамханасында 40 жасқа толған кент тұрғынының тойына барған қонақтар арасынан тіркелді.
Науқастар 2 тәуліктен кейін дене қызуының көтерілуі, құсу, іш өту, тәбетінің төмендеуі, жалпы әлсіздік интоксикациялық белгілерімен жедел жәрдем арқылы және өздіктерінен жолдамасыз келіп қаралған. Олардан талдаулар алынып, бактериялогиялық зертханаға жіберілді.
«Бүгінде науқастардың денсаулығы орташа бірқалыпты. Ауру ошағында эпидемиологиялық зерттеу жұмысы жүргізілуде», - дейді аудандық тұтынушылар құқықтарын қорғау басқармасының басшысы А.Тұрғанбаев.