Тoyota 140 мың RAV4 кроссоверді кері қайтармақ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Toyota компаниясы Ресейдегі 2005-2012 жылдары шыққан 141 мың RAV4 кроссоверді артқы қауіпсіздік белдігінің зақымдану қаупі салдарынан кері қайтармақ, деп хабарлады «Ведомости» басылымы.
Компания өкілінің айтуынша, орталыққа жүгінген жағдайда, артқы қатардағы орындық жастығының металл тірегіне пластикалық қаптама орнатылады. Жұмыс бір сағаттан артық уақытты алмайды.
Әлем бойынша артқы қауіпсіздік белдігінің қорғану бағдарламасына 2,87 млн кроссовер түскен. Ресейде Toyota мамандары кері қайтарылған көліктердің 5 пайызға жуығын жөндейді.