10:57, 22 Сәуір 2011 | GMT +5
Toyota 300 мың автокөлікті қайтаруда
АСТАНА. 22 сәуір. ҚазАқпарат - Жапондық Toyota Motor Corporation компаниясының американдық бөлімі RAV4 мен «Хайлендер» автокөліктерінің бір бөлігін қауіпсіздік көпшігіндегі ауытқуларды жою үшін қайтарып жатыр, - деп жазады Утро.ru.
Toyota Motor Sales USA Inc. өкілдері хабарлағандай, 2007-2008 жылдары шығарылған 214 мың RAV4 көлігі, сонымен қатар, 2008 жылы шығарылған 94 мың «Хайлендер» мен «Хайлендер HV» көліктері қайтарылатын болады. Автокөліктердің барлығы АҚШ-та сатылды.
Toyota өкілдерінің мәлімдеуінше, ауытқулар екі сенсормен байланысты болып тұр. Егер екі сенсор белгілі бір себеппен істен шықса, қауіпсіздік көпшігі өзінен-өзі ашылатын болады.