Toyota ақау шыққан 1,43 миллион автокөлігін кейін қайтарып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Toyota Motor Corp әлем бойынша 1,43 миллион Prius және Lexus CT200h гибридтік автомобильдерін қайтарып жатқанын мәлімдеді. Бұған қауіпсіздік «жастығында» ақау болу мүмкіндігі себеп, деп хабарлады Reuters.

Toyota ақау шыққан 1,43 миллион  автокөлігін кейін қайтарып жатыр

2010-2012 жылдары шығарылған көліктер қайтарылатыны айтылды. Ондағы қауіпсіздік «жастықтарында» аздаған  сызаттары болуы ықтимал.

Қауіпсіздік «жастықтарының» өндірушісі Takata компаниясы болмаған 482 мың америкалық автомобиль қайтарылады.