«Toyota» ақауларға байланысты 6,5 млн. көлікті қайтып алып жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық автокөлік өндіруші алпауыт «Toyota» компаниясы 6,5 млн. көлікті қайтып алатыны жайында мәлімдеді.

«Toyota» ақауларға байланысты 6,5 млн. көлікті қайтып алып жатыр

Бұндай шешім жасауға көліктердің басқару жүйесі мен орындықтарында анықталған ақаулар себеп болды.

Атап айтқанда, 2004 жыл мен 2010 жылдың ақпаны аралығында шығарылған «Yaris», «Urban Cruiser», «RAV4» және «Hilux» автомобильдері қайтарылуда.

Биылғы ақпанда бағдарламалық жасақтамадағы қателіктерге байланысты «Toyota» әлем бойынша 1,9 млн. көлікті қайтарған болатын.