Toyota әлемдегі ең қымбат автомобиль маркасы атанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Toyota әлемдегі ең қымбат автомобиль маркасы атанды. Сөйтіп жапондық бренд немістің BMW мен Mercedes-Benz-ін артта қалдырды, деп хабарлады Automotive News порталы.

Toyota әлемдегі ең қымбат автомобиль маркасы атанды

Маркалар рейтингісін Millward Brown Group британдық зерттеу желісінің үлестес Millward Brown Optimor компаниясы жасаған. Сарапшылар Toyota брендін $29,6 млрд бағалаған. Бұл 2013 жылғы көрсеткіштен 21% артық. Десек те, өткен жылы да жапондық марка көш бастаған еді.

BMW бренді $25,7 млрд (+20%) бағаланып 2-орыннан, ал $21,5 млрд көрсеткішімен Mercedes-Benz 3-орыннан көрінді. Сондай-ақ, үздік бестікке Honda ($14,1 млрд) мен Ford ($11,8 млрд) маркалары енді.

5-орын мен 10-орын аралығында тұрақтағандар мыналар: Nissan ($11,1 млрд), Volkswagen ($8,4 млрд), Audi ($7,1 млрд), Chevrolet ($4,9 млрд) және Hyundai ($4,6 млрд).