Toyota автомобиль сатудан рекорд жасады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Жапондық Toyota корпорациясы 2013 жылы 10,13 миллион автомобиль сатып, рекорд жасады, деп жазады ИТАР-ТАСС.
Автопром тарихында тұңғыш рет аталған компания 10 млн-нан астам көлікті бір жылда сатты. Toyota-ның 2013 жылғы таза пайдасы 17,8 миллиард долларды құрады. Бұл өткен жылғымен салыстырғанда 73,5 пайызға асып түсті.